Аумағы 12 га | Резерв 38 га
Инфрақұрылым қуаттылығы:
Жылумен жабдықтау2,8 Гкал/сағ
Сумен жабдықтау57,8 м³/тәу
Электрмен жабдықтау2,9 МВт
Кәріз жүйесі96 м³/тәу
Газбен жабдықтау8000 м³/тәу (2027 жылдан)
Темір жол жолы0,923 км станцияға дейін
Автожол300 м Жезқазған-Арқалық трассасына дейін

Негізгі артықшылықтар:

📜
Аукционсыз жалға алу Кадастрлық құн бойынша сатып алу
⚙️
Инженерлік желілер Коммуникациялар жүргізілген
🚉
Логистика Теміржол тұйығы + автожолдар
🤝
Офтейк-келісімшарт «Қазақмыс»-пен 5 жылға дейін
🔥
Газ тартылған
🏛️
Мемлекеттік қолдау
🧭
Жобаларды сүйемелдеу

Басым салалар:

♻️
ҚТҚ өңдеу
🍽️
Тамақ өнеркәсібі
⚙️
Машина жасау
🏭
Құрастыру өндірістері
👗
Жеңіл өнеркәсіп
💡
Инновациялық технологиялар

Өтініш берушіні индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде мақұлдау және тіркеу рәсімдері

  • өтініш берушінің басқарушы компанияға қатысушы ретінде тіркеу туралы өтінім беруі;
  • басқарушы компанияның ИА-та орналастыру үшін жобаның басымдылығы, инвестициялық жобаның қажеттіліктеріне жер учаскесінің сұралып отырған алаңының негізділігі, Жамбыл облысының аумағында ұқсас өнім өндірісінің болмауы мәніне тиісті құжаттарды қарауы;
  • жоба бойынша оң шешім алу үшін мәселені Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) қарауына шығару;
  • оң шешім болған жағдайда Басқарушы компания мен өтініш беруші индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінің қызметін жүзеге асыру туралы шартқа және қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартына қол қояды.

ИА аумағында орналастыру үшін индустриялық аймақтың қатысушыларына қойылатын талаптар:

Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді:

  1. уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  3.  өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
  5. өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
  6. жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;
  7. өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы қызмет көрсетуші банктің үзінді көшірмесі және кредиттік бюроның кредиттік есебі;
  8. салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органының анықтамасы.

Егер заңды тұлға құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеудің жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.

Шетелдік заңды тұлғалар келесі заңдастырылған құжаттарды ұсынады:

  1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  2. заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
  3. сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар.

Жобаларды іріктеу критерийлері

Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

  1. өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) қызмет көрсететін банктің үзінді көшірмесімен және кредиттік тарихта бар толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын кредиттік бюродан алынған кредиттік есеппен расталған банктік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
  2. тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органынан салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен расталған салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектің болмауы.Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:
  • жобаны іске асыру өңірлері болып табылмайтын өңірлерде ұқсас жобаларды ілгерілету;
  • жобаның импортты алмастыратын немесе экспортқа бағдарланған бағыты;
  • индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру.

Құжаттар:

Заявление на реализацию инвестиционного проекта

Анкета

Список документов