«ҰЛЫТАУ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалатын әлеуметтік нанды сатып алу бойынша коммерциялық ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

📌 Негізгі талаптар:
▪️ Нанның салмағы – 500 грамм;
▪️ Жеткізу көлемі – тәулігіне 3 200 бөлке;
▪️ Жеткізу Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы сауда нысандарына жүзеге асырылуы тиіс.

📄 Коммерциялық ұсыныста міндетті түрде көрсетілуі қажет:
▪️ 1 бөлке нанның бағасы;
▪️ Бағаның ҚҚС-пен немесе ҚҚС-сыз көрсетілуі;
▪️ Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы сауда нысандарына дейін жеткізу мүмкіндігі.

📅 Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 24 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

📩 Электрондық пошта: info@spk-ulytau.kz

📞 Байланыс телефоны: 8 (701) 929-72-51