Skip to content
Басты бет » Тұрақтандыру қорының міндеттері:

Тұрақтандыру қорының міндеттері:

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру
  • Ұлытау облысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

    Тұрақтандыру қорының қызметі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысы арқылы жүзеге асырылады


    Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
    1) Ұлытау облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
    2) Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау;
    3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін айқындау;
    4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.