(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 33364 болып тіркелді.)

1. Қаржыландыру түрлері:

  • Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды несиелеу.

2. Қарау мерзімдері:

  • Сенім білдірілген тұлға құжаттарды тіркелген күннен бастап – 5 жұмыс күн ішінде тексереді;
  • Жобаны бағалау және шешім қабылдау, тіркелген күннен бастап – 15 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады;
  • Құжаттарды жергілікті атқарушы органға беру, бағалау аяқталғаннан кейін – 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

3. Микрокредитті кімдер ала алады:

  • АӨК саласында қызмет жүргізетін заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер
  • Үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру немесе қайта өңдеу саласындағы тәжірибесінің немесе кәсіпорын басшысының еңбек өтілінің болуы – кемінде 5 жыл.

4. Кредит беру шарттары:

  • Мерзімі: 10 жылға дейін;
  • Ең жоғары сома: 5 миллиард теңгеге дейін;
  • Нысаналы мақсаты: ауыл шаруашылығы саласындағы АӨК жобаларды құруға немесе қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру.
  • Сыйақы мөлшерлеме: жылдық 2,5%-дан аспайды;
  • Міндетті қамтамасыз ету: кепілзат мүлкінің болуы;
  • Негізгі қарыз бойынша жеңілдікті кезең: 24 айға дейін.

5. Қойылатын талаптар:

  • Уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
  • Жұмыс орындарын құру, ауылдық округтердің басым бағыттарына сәйкестігі талап етіледі.
  • Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы – 90 күннен аспауы тиіс;
  • Қажетті ауылшаруашылық жерлерінің болуы, мықты азықтық база құру, материалдық-техникалық жабдықтар мен ауылшаруашылық техника паркін қалыптастыру үшін;

6. Несиелік мақсат – АӨК саласындағы жаңа жобаларды іске асыру немесе жұмыс істеп тұрған жобаларды кеңейту бағытталған:

  • Тауарлық сүт фермаларын (400 басты малдан бастап);
  • Етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
  • Етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
  • Көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
  • Жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
  • Өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;
  • Қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
  • Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
  • Осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;
  • Құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
  • Қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі)
  • Қой фермаларын (5000 бастан бастап);

Бай. тел: 8 708 768 38 21 Мекен-жай: Жезқазған қ., Бейбітшілік даңғ. 23А, Эл. өтінім: amanatnesie.kz