«ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ туралы мәліметтер

«Ұлытау «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу және жаңа бизнес үшін жағдай жасау мақсатында «Ұлытау «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «акционерлік қоғамын құру туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 07/02 қаулысымен құрылды-бастамалар.

ӘКК миссиясы-мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

ӘКК пайымы-өңірдің өсу нүктелерінде, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы болып табылатын активтерді тиімді басқаратын өңірлік даму институты.
Мақсаты-бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру.