Облыста 1511 көпқабатты үй
ескі – 457
апатты – 56
2022 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 736 қаулысымен бекітілген 2023 – 2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, сондай-ақ Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдіктерінің қаулылары негізінде Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты — апатты және ескі үйлерді жаңғырту, азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту, заманауи қалалық ортаны қалыптастыру.
Іске асыруға қатысушылар
Әкімші – Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Бағдарлама операторы – «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «ҰЛЫТАУ» АҚ
Жауапты орган – Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Негізгі бағыттар
Бағдарлама қаланың ескірген шағын аудандарын кешенді реновациялауды көздейді, ол апатты (ескі) үйлерді сүру және азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа жайлы пәтерлерге көшіру арқылы жүзеге асырылады.
Перспективалар
Реновация бағдарламасы тек тұрғын үй қорын жаңартуға ғана емес, сонымен бірге қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға, заманауи инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және Жезқазғандағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Бағдарламаның механизмі
Жоба аясында құрылыс компанияларын «Тұрғын үй қорын реновациялау» бағдарламасы бойынша ынтымақтастыққа шақырамыз