Instagram

♻️ Экология және энергия: ынтымақтастық көкжиегі Бүгін «Ұлытау» ӘКК алаңында ҚХР-дың Nanjing Zixin Huicui Environmental Technology Co., Ltd. компаниясымен кездесу…

♻️ Экология және энергия: ынтымақтастық көкжиегі

Бүгін «Ұлытау» ӘКК алаңында ҚХР-дың Nanjing Zixin Huicui Environmental Technology Co., Ltd. компаниясымен кездесу өтті. Кездесуді «Ұлытау» ӘКК»АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков өткізді.

Қытай компаниясы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу мен жаңғыртуға, күн мен жел электр станцияларын салуға, реновация бағдарламасына қатысуға қызығушылықтарын танытты.

Кездесуге облыстық басқармалар, Жезқазған қаласы әкімдігі мен «ПТВС» АҚ өкілдері қатысты.

🤝 Нәтижесінде техникалық шарттар мен есептер әзірленіп, кәріз-тазарту құрылыстарын салу бойынша Жоба дайындайтындығы туралы келісімге қол жеткізілді.