«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛДАРДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру шеңберінде елді мекендерді аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мамандар жергілікті тұрғындармен кездесіп, шағын несие алу ережелерін жан-жақты түсіндірді.
📌 Кездесулер барысында бағдарламаға қатысу шарттары, өтінім тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі, электронды платформалар арқылы онлайн өтінім беру тәртібі бойынша толықтай ақпарат берілді.
🔹 Сонымен қатар құжаттарды жинау кезіндегі практикалық көмек көрсету жолдары және онлайн өтінімді беру, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бойынша нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🎯 Мұндай кездесулердің басты мақсаты – ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарының бағдарламаларға белсенді қатысуын ынталандыру.