Instagram
🤝🏻Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Эмиль Мисбахов «Алматы» ӘКК» АҚ-ға барды.
Кездесу барысында инвесторлармен өзара іс-қимыл тетіктері мен жеке инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды. «Алматы» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерден Әділжаров инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуын қолдау және өңірлердің инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында алдағы ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
#спкұлытау
#обменопытом