Instagram

🏆 «Ұлытау» ӘКК командасы – футбол турнирінің жеңімпазы ⚽️ Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Банк ЦентрКредит» АҚ Ұлытау облыстық…

🏆 «Ұлытау» ӘКК командасы – футбол турнирінің жеңімпазы

⚽️ Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Банк ЦентрКредит» АҚ Ұлытау облыстық филиалы өңірдегі екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері арасында мини-футбол турнирін ұйымдастырды.

Турнирге сегіз команда қатысып, олардың ішінде «Ұлытау» ӘКК» АҚ құрамасы да өз шеберлігін көрсетті.

🥇 Біздің команда жақсы ойын көрсетіп, 1-орынды иеленді!

⭐️ Команданың ойыншысы Базыл Димаш шеберлігі мен жеңіске қосқан үлесі үшін жеке марапатқа ие болды.

Барлық ойыншыларды құттықтап, ұйымдастырушыларға әсерлі спорт мерекесі үшін алғыс білдіреміз!