Instagram

📣📣📣Жыл сайын 15 наурызда Қазақстанда Қайырымдылық күні атап өтіледі. Бұл күн Наурыз мейрамы аясында өткізіліп, мейірімділік пен өзара көмектің қоғамның…

📣📣📣Жыл сайын 15 наурызда Қазақстанда Қайырымдылық күні атап өтіледі. Бұл күн Наурыз мейрамы аясында өткізіліп, мейірімділік пен өзара көмектің қоғамның қолдауына мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетудің символына айналған.
Осыған орай «ҰЛЫТАУ» ӘКК АҚ басшылығы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасыларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. ӘКК өкілдері бірнеше көпбалалы отбасына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, азық-түлік себеттері мен жаңа сойылған ет табыстады.
🤝🏻«Бүгін біз алты-жеті баланы тәрбиелеп отырған бірнеше көпбалалы отбасына бардық. Сонымен қатар олардың кейбірінде ерекше қажеттіліктері бар балалар өсіп келеді. Бұл игі бастаманы Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырдық. Басты мақсатымыз — осы отбасыларға жылу мен қамқорлық көрсету», — деді Нұрлан Садыбеков, «ҰЛЫТАУ» ӘКК АҚ басқарма төрағасы.
🔺️Оның айтуынша, алдағы уақытта компания отбасылардың бірін қамқорлығына алып, оған жан-жақты қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
«Мүмкін, басқа да басшылар бұл бастаманы қолдап, жалғастырар. Сонда бәріміз бірігіп, әлемді жақсартуға өз үлесімізді қоса аламыз», — деді ол.
Мұндай бастамалар әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып, қоғамда қайырымдылық пен өзара қолдау мәдениетін нығайта түседі.
#СПКҰЛЫТАУ
#15наурызқайырымдылық күні