Instagram

📣📣📣Ұлытау облысында тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Соңғы бес жылда жоба нақты іске асыру кезеңіне өтті. 🏢Бүгінде…

📣📣📣Ұлытау облысында тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Соңғы бес жылда жоба нақты іске асыру кезеңіне өтті.
🏢Бүгінде өңірде жаңартуды қажет ететін 58 апатты көпқабатты тұрғын үй анықталды. Қазір Жезқазған қаласында Абай көшесі бойындағы №53, 55, 57, 59 үйлерді реновациялау жұмыстары басталды.
«ҰЛЫТАУ» ӘКК АҚ инвесторларды тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде — келіссөздер Қазақстанда да, шетелде де өтуде.
Сонымен қатар, реновация жобалары Сәтбаев қаласында да жүзеге асырылып жатыр. Әзірленген өңірлік бағдарлама жуық арада бекітуге ұсынылады.
🏢— Негізгі мақсат — тұрғындарды қауіпсіз әрі заманауи баспанамен қамтамасыз етіп, өңірдегі өмір сүру сапасын арттыру, — деді «ҰЛЫТАУ» ӘКК АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков.
#СПКҰЛЫТАУ
#Реновация