Instagram

🆕 Кадрлық тағайындау Султанова Маржан Жиенбекқызы «Ұлытау» ӘКК» АҚ Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің уақытша басшысы болып тағайындалды. 🎓 Маржан…

🆕 Кадрлық тағайындау

Султанова Маржан Жиенбекқызы «Ұлытау» ӘКК» АҚ Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің уақытша басшысы болып тағайындалды.

🎓 Маржан Жиенбекқызы – жоғары экономикалық білімі бар маман. 2010–2014 жылдар аралығында Жезқазған университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2013 жылы бастап, 2021 жылға дейін «Kaspi Bank» акционерлік қоғамында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Негізгі атқарған лауазымдары – несие беру бөлімінің менеджері және кредиттік әкімшілік басқару бөлімінің менеджері.

2021–2022 жылдары «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ-та бухгалтер-кассир қызметін атқарған.

2022 жылдан бастап АО «СПК «Ұлытау» командасының құрамында. Соңғы лауазымы – Активтерді басқару департаментінің бас менеджері.

Жаңа лауазымда Маржан Жиенбекқызына сәттілік тілейміз! Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруда толағай табыстарға жетуіне тілектеспіз!