Instagram

📊 Жергілікті жеткізушілерден сатып алу: «Ұлытау» ӘКК мен Қазақмыс жаңа мүмкіндіктерді талқылады «Ұлытау» ӘКК» АҚ-да «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдерімен жұмыс…

📊 Жергілікті жеткізушілерден сатып алу: «Ұлытау» ӘКК мен Қазақмыс жаңа мүмкіндіктерді талқылады

«Ұлытау» ӘКК» АҚ-да «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

ӘКК ірі бизнес пен жергілікті өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бастамашы болды.

🤝 Кездесу барысында отандық жеткізушілерден сатып алу мүмкіндіктері талқыланды. Ерекше назар азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде ет пен ауыл шаруашылығы тауарларының жеткізілімін кеңейтуге аударылды. Бұл шара өңірлік өндірушілерді қолдауға бағытталған.

⚙️ Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті өндірісті дамыту және «Қазақмыс корпорациясы» сатып алу рәсімдеріне отандық бизнестің қатысу үлесін арттыру үшін бірлескен шешімдерді пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ұлытау» ӘКК» АҚ ірі компаниялар мен жергілікті өндірушілер арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыруды жалғастырады, осылайша отандық өндірістің және өңір экономикасының өсуіне жағдай жасайды.