Instagram

«Ұлытау» ӘКК өңірге инвестиция тарту жұмыстарын жалғастыруда 🤝 Бүгін Ұлытау облысының экономикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қытайлық Chaina Water Resources Btifang…

«Ұлытау» ӘКК өңірге инвестиция тарту жұмыстарын жалғастыруда

🤝 Бүгін Ұлытау облысының экономикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қытайлық Chaina Water Resources Btifang Investigation Design and Research Co. және Fijian Antai Building Materials Industrial Co. компанияларымен кездесулер өтіп, ықтимал әріптестік бағыттары талқыланды.

🔸China Water Resources Btifang Investigation Design and Research Co. облыста су құбырларын тарту, энергетика және тұрғын үй құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Компания су ресурстарын зерттеу, жоспарлау және жобалау саласында Қытайдағы ең ірі ұйымдардың бірі болып табылады.

🔸Fijian Antai Building Materials Industrial Co. құрылыс материалдарын, соның ішінде сэндвич-панельдер мен сыртқы қаптау материалдарын өндіретін зауыттар салуға дайын екенін жеткізді.

«Ұлытау» ӘКК өңірдің негізгі салаларын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды қолдау және халықаралық әріптестікті кеңейту бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.