📣📣📣Сиань қаласында Қазақстан Республикасы Бас консулдығының қолдауымен Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті.
Іс-шара жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізуге, өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қоюға және тараптар арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталды.
🤝🏻Форумға Ұлытау облысының әкімі бастаған өңірдің мемлекеттік органдары өкілдерінен құралған делегация, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық компаниялардың шамамен 100 өкілі қатысты.
Іс-шара барысында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдегі перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.
Сонымен қатар, G2B (мемлекет–бизнес) және B2B (бизнес–бизнес) форматында іскерлік келіссөздер өтті.
📝Форум қорытындысы бойынша «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Майданұлы Садыбеков төмендегі бағыттар бойынша жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайтын 4 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды:
— Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үй қорын жаңғырту;
— сүт-тауар фермасын салу.
Іс-шараның өткізілуі Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.
#СПКҰЛЫТАУ
#Форум
#Меморандум
#Сиянь
#КНР