Instagram

📌Астана қаласында урбанизация орталығын құру мақсатында «Q88 Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығымен» жұмыс кездесуі өтті. 📌Кездесуге «Q88 Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы»…

📌Астана қаласында урбанизация орталығын құру мақсатында «Q88 Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығымен» жұмыс кездесуі өтті.

📌Кездесуге «Q88 Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы» директорының орынбасары Чукеев Жанат, бас архитекторы Казиев Санжар, сондай-ақ «Ұлытау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жолдасов Ержан және бас менеджері Бахытбекұлы Нұртілеу қатысты.
Жиын барысында Ұлытау облысында урбанизация орталығын құру және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

📌Кездесу қорытындысы бойынша Ұлытау облысында урбанизация орталығын құруға байланысты облыс орталығында «Q88 Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы» басшылығымен жұмыс кеңесін өткізу мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар өңірді урбанизациялау бағытында бірегей тәжірибеге негізделген оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарланды.

#урбанизация