📅 2025 жылғы 11 қазан
«Ұлытау» ӘКК» АҚ алғаш рет Сәтбаев қаласында өткен жәрмеңкеге қатысып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) түр-түрін ұсынды.
Бүгінгі таңда «Ұлытау» ӘКК» АҚ 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар тауардың 14 түрін бағаларды тұрақтандыру арқылы қамтамасыз етеді. Жәрмеңке жоғары белсенділікпен өтіп, тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды.
🛒 Ұсынылған тауарлар мен бағалар:
• Макарон өнімдері — 319 тг/кг
• Сиыр еті — 3 080 тг/кг
• Күнбағыс майы — 660 тг/л
• Жылтыратылған күріш — 440 тг/кг
• Қант — 418 тг/кг
• Жұмыртқа (1-санат, 10 дана) — 495 тг
Енді әр сенбі сайын Сәтбаев және Жезқазған қалаларының тұрғындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып ала алады.
🛍 Әлеуметтік сөрелері бар дүкендерде өнімдердің толық тізімімен танысуға болады.
🤝 «Ұлытау» ӘКК өңір халқын негізгі азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету және бағаның қолжетімді деңгейін сақтау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырады.