Ұлытау облысының әкімдігі «Ұлытау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы » АҚ — мен бірлесіп «Ұлытау»индустриялық аймағын құру бойынша жұмыс жүргізуде.
Индустриялық аймақ-бұл жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін, өз өндірістерін орналастыру мақсатында (оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару және т.б. салаларда) мемлекет құрған аумақ (кемінде жиырма жыл мерзімге).
Индустриялық аймақты Жезқазған қаласының диірмен комбинаты ауданына орналастыру жоспарлануда және қажетті инфрақұрылыммен (электр, сумен жабдықтау, кәріз, газ, интернет және телефон байланысы, сондай-ақ теміржол және тұйық жолдармен) қамтамасыз етіледі.
Индустриялық аймақтың артықшылықтары:
— дайын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым;
— жер салығын төлеуден босату;
— пайдалануға берілгеннен кейін жер учаскесін кадастрлық құны бойынша сатып алу мүмкіндігі.
Индустриялық аймақта жаңа өндірістерді іске қосу немесе қолданыстағы өндірістерді кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыруға мүдделі болған жағдайда, меморандумға қол қою арқылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның ауданы мен қуаттарын резервтеу үшін өтінім беруді ұсынамыз.
Басты бет »