Skip to content
Басты бет » АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ 570 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛДЫ

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ 570 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛДЫ

«Ауыл аманаты» мемлекеттік несиелендіру бағдарламасы бойынша Ұлытау облысына бөлінген алғашқы 570 миллион теңге толығымен игерілді.

Аталған бағдарлама аясында «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына өңірдегі ауыл тұрғындарынан түскен 71 өтінім бойынша жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие берілді. Бөлінген қаражаттар кәсіпті әрі қарай дамытуға немесе жаңа кәсіп ашуға жұмсалады.

Кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қосымша бөлінген 2,8 млрд теңге мөлшерінде қаражатты игеруды бастады.

  • Орта және шағын бизнесті қолдау «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басым бағыттарының бірі. Іске асырылып жатқан несиелеу бағдарламасы ауылдық елді мекендерді дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға және ауыл әлеуетін тиімді пайдалануға серпінін тигізеді, – деді «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Басқарма төрағасы Алмат Жөкебаев.

Осылайша жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құрайтын 295 өтінім қабылданды. Оның ішінде 69 өтінім (523 млн теңге) бойынша арнайы комиссияның мақұлдауына ие болды. Қазір бұл өтінімдер келісім-шарт дайындау, тараптармен келісу, кепілді тіркеу кезеңдерінен өтуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *