Skip to content
Басты бет » Ауыл аманаты

Ауыл аманаты

Ұлытау облысы тұрғындарының табысын арттыру жобасы бойынша қаржыландыру

Қаржыландыру бағыттары:

  1. Өсімдік шаруашылығын дамыту, оның ішінде жылыжай құру.
  2. Жем-шөп өндірісін дамыту.
  3. Өсімдік шаруашылығы және (немесе) мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі объектілерді құру.
  4. Етті және сүтті мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, ешкі шаруашылығын (ІҚМ басын ұлғайту) және үй құсы шаруашылығын дамыту.
  5. Ауыл шаруашылығы саласындағы тауарларды өндіру, өңдеу және қайта өңдеу.
  6. Ауыл шаруашылығы техникасы мен ауыл шаруашылығы жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциясын құру, кеңейту және жаңғырту.

 

Жылдық мөлшерлеме               Несиені өтеу мерзімі 5,  мал шаруашылығы саласында 7 

            2,5%                                                                        жылға дейін

 

Жоғарыда аталған жоба аясында қаржыландырудың негізгі талаптары:

  1. Өтініш берушілер мекенжай анықтамасында тіркелген ауылдық округтерде тұратын тұрғындар;
  2. Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы;
  3. Мемлекеттік кірістер органдары алдында берешектің болмауы;
  4. Несие алушының жасы 18-ден зейнеткерлік жасқа дейін;
  5. Несие алушының жеке кәсіпкер/шаруа қожалық болып тіркелуі;
  6. Несиені кепілмен қамтамасыз ету (үй, пәтер);
  7. Несиенің кепіл нысанына сақтандыру қажет;
  8. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер телімі, қора, ғимарат және т.б.);

 

Несиені қарастыру кезінде жұмыссыздарға басымдық беріледі.