«Ұлытау «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу және жаңа бизнес үшін жағдай жасау мақсатында «Ұлытау «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «акционерлік қоғамын құру туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 07/02 қаулысымен құрылды-бастамалар.
ӘКК-нің мақсаты: Ұлытау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу — мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру, инвестициялар мен инновацияларды тартуға қолайлы экономикалық орта құру, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, өңірлердің әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.
ӘКК миссиясы-мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.
ӘКК пайымы-өңірдің өсу нүктелерінде, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы болып табылатын активтерді тиімді басқаратын өңірлік даму институты.
Мақсаты-бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру.