- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру
- Ұлытау облысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тұрақтандыру қорының қызметі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысы арқылы жүзеге асырылады
Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
1) Ұлытау облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
2) Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін айқындау;
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.
Басты бет »