🐑Жеке кәсіпкер Әнуар Ерсұлтан (ИП «Ерсұлтан») шаруашылығын дамытуға көрсеткен қолдауы үшін «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ-на шынайы алғысын білдіреді.
«Мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылы шаруашылығымды дамыту мақсатында жылдық 2,5% мөлшерлемемен 7 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алдым. Алынған қаражатқа 14 бас жылқы сатып алу мүмкіндігі туды, бұл шаруашылығымды кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.
Бүгінде мал шаруашылығын одан әрі дамытып, мал басын көбейтіп, фермерлік ісімді нығайтып келемін. Осындай бағдарламалар ауыл кәсіпкерлеріне еңбек етіп, дамуға және ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосуға нақты мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі, сенімі мен қолдауы үшін «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ-на шынайы алғысымды білдіремін» — дейді кәсіпкер.
#СПКҰЛЫТАУ
#АуылАманаты