Instagram

📌Ұлытау облысындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында Астана қаласында инвесторлармен жұмыс кездесуі өтті. 📌Кездесуге «Ұлытау» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары…

📌Ұлытау облысындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында Астана қаласында инвесторлармен жұмыс кездесуі өтті.

📌Кездесуге «Ұлытау» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Жолдасов Ержан және инвестор — «BASS GOLD» ЖШС басшысы Садвакасов Чингиз Мухамедрахимович қатысты.
Кездесу барысында Ұлытау облысындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар талқыланып, өзара келіссөздер жүргізілді. «Ұлытау» ӘКК тарапынан Жезқазған және Сәтбаев қалаларында бағдарлама аясында кезекте тұрған тұрғын үйлер туралы ақпарат ұсынылып, жобаларды іске асыру тетіктері таныстырылды.

📌Жиын қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастық орнату жөнінде алдын ала келісімге келді. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері пысықталатын болады.

#реновация