🏗 Апатты үйлерді реновациялау: тұрғындардың келісімі — басты шарт
Осыған дейін «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ-ның ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы реновация бағдарламасына жататын апаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлер бойынша хабарландырулар жарияланған болатын.
Аталған хабарландыруларға байланысты Жезқазған қаласы Абай көшесінде орналасқан апатты деп танылған 53, 55, 57, 59 тұрғын үйлеріне «B Like Construction» ЖШС тарапынан қызығушылық білдіріліп, реновация жобасын жүзеге асыруға қатысты ұсыныс жолданды. Осыған орай, «B Like Construction» ЖШС «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ-ның атына жазбаша өтініш ұсынды.
Осы бастаманың аясында «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ мен Жезқазған қаласының әкімдігі тарапынан тұрғындармен 2026 жылғы 24 қаңтардан бастап үш күн қатарынан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында тұрғындарға реновация бағдарламасының шарттары мен тетіктері жан-жақты түсіндіріліп, тұрғындар тарапынан бағдарламаны іске асыруға келісім бар екені айтылды.
Сонымен қатар, онлайн форматта (Zoom платформасы арқылы) «B Like Construction» компаниясы қатысып, тұрғындардың қойылған сұрақтарына тікелей жауап берді.
⚠️ Маңызды: реновация бағдарламасы тек тұрғындардың толық келісімімен ғана жүзеге асырылады. Егер тұрғындардың кемінде біреуі қарсы болған жағдайда, аталған тұрғын үй реновация бағдарламасына енгізілмейді.
🤝 Реновация — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік қадам!