Instagram
«Сәтбаев» индустриялық аймағын дамыту шеңберінде Сәтбаев қаласы әкімдігінде Қытайдың «Хунань Линьсин түрлі түсті металдар» ЖШС және «Асыл-Тас 7798» ЖШС өкілдерімен металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу жобасы бойынша кездесу өтті.
Кәсіпорын болашақта металлдар, қорытпалар, құрылыс материалдарына арналған шикізат және химиялық өнімдер шығаруды жоспарлауда.
Инвесторлар аймақта өндіріс ашу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, жобаны іске асыруға ниет білдірді.
Кездесуді Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев жүргізді. «Ұлытау» ӘКК» АҚ тарапынан Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эмиль Мисбахов қатысты.
Ұлытау облысының инвестициялық әлеуетін арттыру және жаңа өндірістерді қолдау жұмыстары жалғасуда.