Instagram

🇰🇿Бүгін Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Ұлытау» ӘКК» АҚ қызметкерлері облыс басшылығының…

🇰🇿Бүгін Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Ұлытау» ӘКК» АҚ қызметкерлері облыс басшылығының мерекелік марапаттарына ие болды.

Несиеден кейінгі қызмет көрсету және мониторинг департаментінің бас менеджері Мұқташева Жанар Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен, ал Бухгалтерлік және салық есеп департаментінің бас менеджері Рысбекова Айнұр Құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапаттарды Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова мен облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов табыстады.

Бұл марапаттар әріптестеріміздің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін және корпорацияның дамуына, сондай-ақ өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға қосқан елеулі үлесін айғақтайды.

🎉 Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге жеміс, жаңа табыстар тілейміз!