🛒 Аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда
«Ұлытау» ӘКК» АҚ 19 негізгі азық-түлік түрінің 15 атауын тұрақтандыру қоры арқылы қамтамасыз етуде.
Енді әр сенбі сайын Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті тиімді бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеде тұрғындарға қолжетімді бағамен келесі өнімдер ұсынылады:
• Рожки — 319 тг/кг
• Сиыр еті — 3080 тг/кг
• Күнбағыс майы — 660 тг/л
• Ақ күріш — 440 тг/кг
• Қант — 418 тг/кг
• Жұмыртқа (1 санат, 10 дана) — 495 тг
• Тауық еті — 1254 тг/кг
Толық тізіммен өңір дүкендеріндегі әлеуметтік бұрыштарда танысуға болады.
Жәрмеңке мекенжайлары:
📍Жезқазған қ. — Орталық базар
📍Сәтбаев қ. — Ұлытау көшесі, 85 («Светофор» дүкені)
🤝 «Ұлытау» ӘКК» АҚ өңір халқын қолжетімді бағамен қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жұмысын жалғастыруда.