Instagram
🏆 «Ұлытау» ӘКК командасы – футбол турнирінің жеңімпазы
⚽️ Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Банк ЦентрКредит» АҚ Ұлытау облыстық филиалы өңірдегі екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері арасында мини-футбол турнирін ұйымдастырды.
Турнирге сегіз команда қатысып, олардың ішінде «Ұлытау» ӘКК» АҚ құрамасы да өз шеберлігін көрсетті.
🥇 Біздің команда жақсы ойын көрсетіп, 1-орынды иеленді!
⭐️ Команданың ойыншысы Базыл Димаш шеберлігі мен жеңіске қосқан үлесі үшін жеке марапатқа ие болды.
Барлық ойыншыларды құттықтап, ұйымдастырушыларға әсерлі спорт мерекесі үшін алғыс білдіреміз!