Instagram
💼 «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ның мониторингтік тобы Жаңаарқа ауданына жұмыс сапарын ұйымдастырып, берілген несиелердің мақсатты пайдаланылуын тексерді.
🔍 Мониторинг барысында 32 несие алушы қамтылды. Оның ішінде 24 несие бойынша алынған қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылғаны расталды, тексеру жалғасып жатыр.
Бағдарлама қатысушысы, ауыл кәсіпкері Жаппас Даулетов «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуына оң баға беріп, оның жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға зор көмек болғанын атап өтті.
Алдағы уақытта «Ұлытау» ӘКК мониторингтік топтары осындай тексерістерді жүйелі түрде жүргізіп отырады.
💡 Мақсат – бағдарлама қаражатының тиімді, ашық және нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету.