Instagram

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛДАРДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру шеңберінде елді…

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛДАРДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру шеңберінде елді мекендерді аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мамандар жергілікті тұрғындармен кездесіп, шағын несие алу ережелерін жан-жақты түсіндірді.

📌 Кездесулер барысында бағдарламаға қатысу шарттары, өтінім тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі, электронды платформалар арқылы онлайн өтінім беру тәртібі бойынша толықтай ақпарат берілді.

🔹 Сонымен қатар құжаттарды жинау кезіндегі практикалық көмек көрсету жолдары және онлайн өтінімді беру, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бойынша нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🎯 Мұндай кездесулердің басты мақсаты – ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарының бағдарламаларға белсенді қатысуын ынталандыру.