Instagram
✅ Ойдан іске: өңір кәсіпкерлеріне қолдау
Серікпаева Қанат Хамитқызы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ұлытау» ӘКК» АҚ арқылы 9,8 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Қанат ханым бұл қаражатқа ғимарат сатып алып, өзінің гүлдер дүкенін кеңейту үшін жөндеу жұмыстарын бастады.
Жылдық мөлшерлемесі бар болғаны 2,5% құрайтын бұл бағдарлама бизнесті дамытуға қолжетімді әрі тиімді құрал болып отыр. Бұл өңірде кәсіпкерлерді қолдаудың нақты тетіктері жұмыс істеп тұрғанын айқын көрсетеді.
#ауыламанаты