Instagram

🆕 Жезқазғанда жаңа «Ауыл өнімдері» дүкені ашылды Жезқазған қаласында «Ауыл өнімдері» азық-түлік дүкенінің ресми ашылуы өтті. Гагарин көшесі, 36В мекенжайында…

🆕 Жезқазғанда жаңа «Ауыл өнімдері» дүкені ашылды

Жезқазған қаласында «Ауыл өнімдері» азық-түлік дүкенінің ресми ашылуы өтті. Гагарин көшесі, 36В мекенжайында орналасқан сауда павильоны жеке кәсіпкер Кулшигашова В.Р. басқаруымен жұмысын бастады.

Аталған нысан «Ұлытау» ӘКК» АҚ тарапынан «Ауыл өнімдері» дүкендері желісін дамыту жобасы аясында кәсіпкерге өтеусіз уақытша пайдалануға берілді. Өз кезегінде, ӘКК павильондарды «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нен уақытша өтеусіз пайдалану шартымен алған болатын.

⚙️ Дүкеннің негізгі мақсаты – халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету және өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау. Сонымен қатар, мұндай сауда орындарында тұрақтандыру қорының өнімдері сатылып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.