Instagram

Ұлытауда ULYTAU SHEEP 🐑 жобасы іске асты! Түгіскен ауылында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған «ULYTAU SHEEP» қой…

Ұлытауда ULYTAU SHEEP 🐑 жобасы іске асты!

Түгіскен ауылында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған «ULYTAU SHEEP» қой шаруашылығы жобасы өз жұмысын бастады.

💼 Жобаға қажетті қаржыландыруды «Ұлытау» ӘКК» АҚ қамтамасыз етті.

Бөлінген 1,4 млрд теңгеге 1️⃣2️⃣ 9️⃣0️⃣0️⃣ бас еділбай тұқымды қой, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтар сатып алынды.

Бұл бастама өңірде мал шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

💬 Ашылу рәсіміне «Ұлытау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков қатысып, жобаның жаңа жұмыс орындарын құру және ауыл экономикасын қолдау үшін маңыздылығын атап өтті.