Әлеуметтік желілер

Ұлытау – халықаралық диалог аясында: Қытайға іскерлік сапар

«Ұлытау» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков 17–18 шілде күндері Қытайдың Циндао қаласында өткен Қытай–ШЫҰ жергілікті экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі конференцияға қатысты.

Ұлытау облысынан барған делегацияны облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров бастап барды. Сапарға өңірлік бизнес өкілдері де қатысты.

Жәнібек Нөпіров конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде Ұлытау өңірінің әлеуетіне тоқталып өтті. Бұл – табиғи ресурстарға бай, ауыл шаруашылығы саласында мүмкіндіктері мол, логистикалық жағынан тиімді орналасқан әрі тарихи-мәдени мұрасы ерекше өлке.

Іс-шара аясында ШЫҰ елдерінің бизнес-қауымдастықтарымен, даму институттарымен және салалық қауымдастықтармен бірқатар кездесулер өтті. Инвестициялық бастамалар, өндірісті жергіліктендіру және индустриялық парктерді дамыту мәселелері талқыланды.

«Ұлытау» ӘКК» АҚ – өңірлік инфрақұрылымды дамыту мен инвестиция тарту бағытында жұмыс жүргізетін өңірлік оператор. Осындай халықаралық алаңдар ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін табуға және өңірдің тұрақты дамуына жол ашады.

Танымал жаңалықтар

Самое
читаемое
за месяц