Әлеуметтік желілер

Трикотаж фабрикасы ғимаратын қайта жаңғырту

? «Ұлытау» ӘКК» АҚ Жезқазған қаласындағы бұрынғы трикотаж фабрикасы ғимаратын қайта жаңғырту жобасы бойынша инвесторларды әріптестікке шақырады.

? Жобаның мақсаты:
Заманауи өндірістік-іскерлік орталық құру, оның ішінде:
▪️Жалға берілетін кеңсе орындары
▪️Өндірістік және қойма алаңдары
▪️Шағын және орта бизнеске арналған кеңістіктер

? Инвесторға қойылатын талаптар:
▪️Жобаны кемінде 1 миллиард теңге инвестиция салып іске асыруға дайын болу
▪️Жалға алушыларды тарту және объектінің коммерциялық басқаруын жүзеге асыру қабілеті

? Жобаның артықшылықтары:
▪️Ыңғайлы орналасуы
▪️Жоғары коммерциялық әлеует

? «Ұлытау» ӘКК тарапынан көрсетілетін қолдау:
▪️Жөндеу жұмыстарына бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі
▪️Сатып алу құқығымен жалға алу мүмкіндігі
▪️Ғимарат аумағында жүзеге асырылатын жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі

? «Ұлытау» ӘКК ашық диалог пен өзара тиімді әріптестікке дайын.
? Байланыс үшін: директке жазыңыз немесе телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (701) 718-97-77

Танымал жаңалықтар

Самое
читаемое
за месяц