21-23 қыркүйекте Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығында 2022 жылғы басты салалық көрмелерді, форумдар мен конференцияларды және Қазақстан машина жасаушыларының Х форумын біріктіретін «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтуде, оған «Ұлытау «ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Ж.Н. Байзаков қатысты.
Көрмеде Қазақстан Республикасы мен жақын шетелдердің Индустриялық даму саласындағы жетістіктері – машина жасау, тау-кен металлургия кешені, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және су индустриясы саласындағы жаңа өнімдер ұсынылды.