Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы әлеуетті инвесторлармен кездесу өткізді. Оған біздің да Басқарма Төрағасы Жасулан Байзаков қатысты. Кездесу ірі трансұлттық компаниялардың өкілдерімен өтті.
Кездесуде кооперацияның тетіктері мен нысандары қаралды, сондай-ақ облыс әкімдігі мен жеке ұйымдар арасындағы ықтимал ынтымақтастықтың жолдары ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Ұлытау облысының экономикасын одан әрі әртараптандыруға, сондай-ақ өңір тұрғындарының әл-ауқат деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу жоспарлары белгіленді.